#Қызылорда
ШИЕЛІ АУДАНЫНДА АТА-АНАЛАР ФОРУМЫ ӨТТІ

«Сенімен Болашақ»  республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестігі  Қызылорда филиалының ұжымы Шиелі ауданында болды.

«Сенімен Болашақ»  республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестігі Шиелі аудандық білім беру бөлімімен бірлесіп «Тұлғаға бағытталған құндылық және ата-ананың рөлі» атты аудандық ата-аналар форумын ұйымдастырды. Оған 400-ге жуық ата-аналар қатысты.

Шара барысында ата-аналарға «Саналы ата-ана – бақытты бала» атты трениг өтіп, булиннг, кибербуллинг, отбасында ата-ананың рөлі мен жауапкершілігі тақырыбы кеңінен айтылды. Сондай-ақ, көрме ұйымдастырылып, оған оқушылар жасаған қолөнер бұйымдары қойылды.

Бұған қоса іссапар кезінде филиал басшысы Ғалымжан Бекмырзаұлы Шиелі ауданы әкімі Нариман Әскербекұлымен кездесіп, бірлестіктің миссиясымен  таныстырды. Аудан әкімі бірлестік жұмысының маңыздылығына тоқталды.

12.05.2022
#Қызылорда
ШИЕЛІ АУДАНЫНДА АТА-АНАЛАР ФОРУМЫ ӨТТІ