#Қызылорда
ЖЕКЕ МЕКТЕП ЖЫЛДЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ

 «Сенімен Болашақ» РҚБ Қызылорда облыстық филиалының басшысы Шәкизат Қаратайұлы 30 мамыр күні Бәйтерек жеке мектебінің ұйымдастыруымен өткізілген «Жетістіктер мен жеңістер» атты үздіктер шеруі шарасына қатысты.

Мәні мен мазмұны келіскен аталмыш шарада оқу жылы бойына түрлі деңгейдегі байқау, конкурстардан жеңімпаз атанған 346 оқушы мен ұстаздар қауымы, тәрбиелік маңызы зор жиындарда белсенділік танытқан ата-аналарға қошемет көрсетіліп, марапат төріне көтерілді. Үздік деп танылған оқушылар сан түрлі өнерлерін ортаға салып, көптің алғысына бөленді.

Қоғамда бала тәрбиесі, ата-ана жауапкершілігі мәселесі күн тәртібінен түспей тұрған шақта, осындай мәні бар дүниелерді насихаттау біздің ортақ парызымыз, әрі «Сенімен Болашақ» РҚБ-нің миссиясы да білім ордасымен бірге екенін жеткізе келе, бірлесе жұмыс атқаруға шақырды.

Өз кезегінде мектеп басшысы Алия Қырғызбайқызыда отбасы мен мектеп арасындағы байланысты нығайту, балалардың қауіпсіздігі мен әл-ауқатын қамтамасыз ету үшін қоғамдық ұйымдардың, ата-аналар қауымының күш-жігерін біріктіру қажеттігі туралы өз пікірін білдірді.

30.05.2023
#Қызылорда
ЖЕКЕ МЕКТЕП ЖЫЛДЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ