«Сенімен Болашақ» Республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестігі Қызылорда облыстық филиалының ұйымдастыруымен аймақтағы 7 ауданның және қала ата-аналарына «Балалардың репродуктивті тәрбиесін ерте жастан қалыптастырудағы ата-ананың рөлі» тақырыбындағы онлайн вебинар өтті.
Вебинар барысында психолог Жұмакүл Тасболатқызы қатысушыларға кәмелеттік жасқа толмағандарды және олардың ата-аналарын репродуктивті тәрбие тақырыбында ақпараттандыру, ерте жүктілік, зорлық-зомбылықтың алдын алу жөнінде тереңірек тоқталды. Жыныстық сауаттылық дегеніміз не деген сұраты кеңінен тарқатты. Жас ерекшелік психология және жыныстық сауаттылық, сексуалды қауіпсіздік, ыңғайсыз сұрақтарға жауап беруде кеңестерімен бөлісіп, баланың жеке шекарасын жастайынан қалыптастыру қажет екенін айтты. Семинарға қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, пікірлерін тыңдады.