Бірлестіктің Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының жанашыры «Ата-ананы қадірлеу – парыз» атты іс-шараға қатысты.
Шара Отбасы күніне орай Петропавл қаласының С.Шәймерденов атындағы қалалық классикалық гимназиясында 7-8 сынып оқушыларының ұйымдастыруымен өтті. Бірлестік жанашыры Тілек Әбдірахманов қонақ ретінде шақырылды.
Аталмыш тақырып оқушыларға отбасылық қарым-қатынастың, әке мен ана арасындағы сүйіспеншілік пен борышына, ата-аналық сүйіспеншілікке, ұл бала мен қыз баланың перзенттік борышына негізделгендігін түсінуге көмектеседі. Тақырып аясында ата-аналармен оқушылар отбасы құндылықтарының түрлері, оларды қалыптастыру жолдары және ата-ананың қадірін түсіну, құрметтеу жолдары туралы ойларымен бөлісті.
Тілек Әбдірахманов жасөспірімдерге өсиет әңгімелерін айтып, ақ батасын берді.