#Павлодар
БАЛА ТӘРБИЕСІ – ИГІЛІКТІ ІС
Павлодар облыстық филиалы Әлихан Бөкейхан атындағы мектеп-лицейінің 5-7-сынып оқушыларының әкелерімен кездесті.
Кездесуге келгендердің басым көпшілігі – жастар. Бірлестік миссиясын тыңдап, қоғам игілігі үшін қажет ұйым екенін айтты. Өз кезегінде бірлестіктің Павлодар облыстық филиалының басшысы қатысушыларға бала тәрбиесінде әке мен шешенің алатын орынын айтты.
«Бүгінде жасөспірімдер арасында орын алып жатқан ауыр қылмыстар, ерте жүктілік, бір жыныстылық сияқты түрлі оқиғалар көп. Бұл жағдай менің отбасымда жоқ деп қол қусылып отыру жарамас. Себебі сіздің балаңыз сол қоғамда жүр емес пе?! Сондықтан бірлесіп бұл жағдайлардың алдын-алуға ұмтылған жөн», - деді филиал басшысы Хызыр Жанарыс.
06.02.2023
#Павлодар
Поделиться
Ұсынамыз