#Алматы
БАЛАНЫҢ БАС ҰСТАЗЫ — АТА-АНАСЫ

 

Отбасы адамзат бесігін тербететін ұя болса, баланың бас ұстазы — ата-ана. Баланың дара қасиеттерін қалыптастырып, саналы тәрбие беруде отбасы әрқашан да үлкен мүмкіндіктерге ие. Бұл мүмкіндіктерді мектептің мүмкіндіктерімен үйлестіру – табысты тәрбиенің тағы бір негізі. Міне, осы үрдіспен үздік нәтиже көрсетіп келе жатқан Алматы қаласындағы # 81 мектеп "Сенімен Болашақ" РҚБ Алматы қалалық филиалымен бірлесіп семинар-тренинг өткізді. Алматы Менеджмент университетінің кең залында өткен кездесуге 200-ден астам ата-ана қатысып, коуч-тренер, БҰҰ ұлттық сарапшысы Сағадат Сабитованың дәрісін тыңдады. Отбасындағы бала тәрбиесіндегі қателіктердің алдын-алу, психолого-педагогикалық білім бере отырып, ата-ананың бала тәрбиесіндегі тәжірибесін арттыру мәселесін талқылап берген психолог тыңдаушылардың сауалына да тұщымды жауап берді. Іс-шараға қатысушылар жас ұрпақтың тәртіпті, саналы жан-жақты дамыған, шығармашылықпен жұмыс істей білетін азамат болып қалыптасуы үшін ата-ананың ролі зор екенін түйсініп тарқасты.

21.05.2022
#Алматы
БАЛАНЫҢ БАС ҰСТАЗЫ — АТА-АНАСЫ