Сейсенбі, 4 шілде күні «Сенімен Болашақ» Республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестігі Қызылорда облыстық филиалының ұйымдастыруымен бірлестіктің барлық қызметкерлеріне арналған облыста ынтымақтастық меморандум аясында жүзеге асырылып отырған «Тазалық – өмір айнасы» жобасы бойынша «Балада дұрыс репродуктивті денсаулықты қалыптастыру» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді. Семинарға бірлестіктің өңірлердегі қызметкерлері қатысты.
Аталмыш тренинг барысында қызметкерлер «Репродуктивті сауаттылық дегеніміз не?», «Жас ерекшелік психология және жыныстық сауаттылық», «7-18 жас аралығындағы балаларға жыныстық тәрбие беру», «Сексуалды қауіпсіздік» және «Ыңғайсыз сұрақтарға жауап» тақырыптары аясында ақпараттар алды.
Одан басқа, ата-аналармен жұмыс тиімді жүргізуге арналған құралдар мен әдістемелер қызметкерлер назарына ұсынылды.
