#Жамбыл
БАЛАНЫ ТӘРБИЕЛЕУ – ЕҢБЕК ӘРІ БОРЫШ

Тараз қаласында орналасқан  №3 мектеп-лицейінде «Баланы тәрбиелеу – еңбек әрі борыш!» атты ата-аналармен кездесу өткізілді. Аталған кездесуге Жамбыл облыстық филиалының директоры Дәурен Орайұлы спикер ретінде қатысты.

Кездесу барысында сөз алған Дәурен Орайұлы, халқымыз «Ұяда не көрсең, соны ілерсің» дейді. Бала әрқашанда ата-анадан мейірімділікті, сүйіспеншілікті, жүрек жылуын қажет етіп, ата-ананы өмірдің тірегі санайды.

Ата-ананың тіршілігіндегі көрген қызығы, жақсылығының ең бағалысы перзенті. Баланың бойында туған үйдің жылуы оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде болады. Отбасы бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының тигізетін әсері мол екенін айтып, презентация арқылы «Сенімен Болашақ» республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестігінің негізгі миссиясын жеткізді.

Аталған тақырып кеңінен талқыланып, психолог маманның кеңесін алып, тренинг жүргізілді.  

09.02.2023
#Жамбыл
БАЛАНЫ ТӘРБИЕЛЕУ – ЕҢБЕК ӘРІ БОРЫШ