«Сенімен Болашақ» Республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестігі Қызылорда облыстық филиалының ұйымдастыруымен жүкті аналарға арналған «Болашақ ана болуға психологиялық дайындық» тақырыбындағы семинар өтті.
Семинар барысында филиал психологы Жұмакүл Тасболатқызы қатысушыларға саналы ата-ана мәдениетін қалыптастыру, ата-ана мен бала қарым-қатынасы, бала психологиясы, психологиялық-педагогикалық дағдылар туралы ақпараттар берді.
Психолог тарапынан қатысушыларға «Бір үйдің балалары» тақырыбында шағын лекция оқылып, балалардың туылу реттілігі және мінез-құлықтарының әсері, балалар арасындағы қақтығысты шешу жолдары, бауырлар достығы, балаларды жақындастыру мәселелері қамтылды. Лекция соңында балалардың ойында өмірлік сақталатын және оларды жақындастыратын іс-әрекеттер туралы кеңестер берілді.
Қатысушылар семинарға белсенді қатысып отырды. Әр тәжірибе сайын өздерінің пікірлерін ортаға салып, балаларының бойында болып жатқан құбылыстар жайлы кеңестер сұрады. Әрбір қатысушы баламен қарым-қатынастың үлкен рөлге ие екенін, олармен әркез дұрыс байланыс орнату қажет екенін ұғынды.
«Сенімен Болашақ» Республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестінің психологі Сымбат Нұртазақызы тренингке қатысушыларға бірлестік туралы толық ақпарат беріп, алдағы атқаратын жұмыс жоспарымен таныстырып, бірлестіктің мақсаты мен міндетін айтып, бірлесе жұмыс жасауға шақырды.
