«Сенімен Болашақ» Республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестігі Шығыс Қазақстан облыстық филиалы Семей қаласы №4 мектебінің ұжымымен бірлесіп «Ата-ана мен бала арасындағы психологиялық мәселелер» тақырыбында семинар-тренинг ұйымдастырды.
Тренингтің мақсаты – ата-аналар мен балалар арасындағы кейбір психологиялық кедергілер мен түсінбеушіліктердің алдын алу. Шараның сапалы да, мазмұнды болып өтуіне мектептің тәрбие жұмыстары жөніндегі директордың орынбасарлары Серік Дүйсенбекұлы мен Мархабат Серікқызы ерекше белсенділік танытты.
«Сенімен Болашақ» Республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестігі Шығыс Қазақстан облыстық филиалының директоры Аман Рахметуллин ата-аналарға қазіргі қоғамдағы бала тәрбиесіндегі кездесетін көптеген өзекті мәселелерді жан-жақты талдап түсіндірді. Арнайы психолог маман А.Мауэнова жиналған қауыммен тренинг жүргізе отырып, ата-аналар мен балалар арасындағы бірқатар мәселелерді анықтап, шешу жолдарын көрсетті.
Жалпы, тренингке 64 ата-ана қатысып, сауалдарын қойып, ризашылықпен тарқасты.