«СЕНІМЕН БОЛАШАҚ» ПЕН «EUROPARENTS» ҰЙЫМЫНЫҢ МҮДДЕСІ БІР

 

«Әлемде бейбітшілікті дамыту үшін не істей аласың?» - деген сұраққа әйгілі Тереза Ана «Үйіңнің ұйытқысы бол және отбасыңды сүй» - деп жауап берген екен. Бұл пікірді «EuroParents» Европаның ата-аналар бірлестігі парақшасында бөлісті.
Әлемдік тәжірбиге сүйенсек, cаналы ата-аналықты және позитивті бала тәрбиесін қалыптастыру бағытында жұмыс жасайтын ұйымдар баршылық. Бұндай ұйымдар қоғам қажеттілігінен туындағаны сөзсіз. Бұл орайда, «Сенімен Болашақ» Республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестігі «EuroParents» сияқты ұйымдармен бір мүддені ұстанады.
Европа елдерінен 150 миллионнан астам мүшесі бар «EuroParents» ата-аналар бірлестігі 1985 жылы Италияның Милан қаласында алғаш қадамын басты. Бірлестіктің басты мақсаты – ата-ана болудың барлық қыр-сырларын үйрету. Сонымен қатар, ата-аналар баланың білім алуында басты роль атқарады деген ұстанымды алға тарта отырып, ата-аналарды психологиялық және педагогикалық сауаттылығын арттыруға және ата-ана болу құзыреттілігін дамытуға шақырады.
«EuroParents» бірлестігі ата-аналардың бала тәрбиесінде саналы және сауатты болуын қолдау үшін Creative Parenting және ParentsNet сияқты түрлі жобаларын ұзақ жылдардан бері жүргізіп келеді. Бұндай жобалар отбасының шығармашылық ойлау қабілетін қалыптастыру, әлеуметтік желінің тәуекелінен балаларды сақтау, ерекше мұхтаждығы бар балалармен жұмыс жүргізу және басқа да ата-аналарға қажетті құралдар беру үшін арналған.
Аталған бірлестік Европа елдерінің білім беру, әлеуметтік және қоғамдық салаларын дамытуға зор үлесін қосып келеді. Қоғамда үні жарқын естілетін бұл ұйыммен барлық мемлекеттік органдар есептеседі және бұл ұйымға маңызды жауапкершілік артады.

24.05.2022
«СЕНІМЕН БОЛАШАҚ» ПЕН  «EUROPARENTS»  ҰЙЫМЫНЫҢ МҮДДЕСІ БІР