Бірлестіктің филиал басшысы Жанат Мұхамеджанов Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия отырысына қатысты.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Қазақстан халқына Жолдауында өскелең ұрпақтың психикалық денсаулығының маңыздылығы мен қоғамдағы зорлық-зомбылық мәселесіне жеке тоқталды. Отырыста осы мәселе бойынша облыста жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы психикалық денсаулық орталығының ақпараты тыңдалды.
Сондай-ақ, отырыста Мағжан Жұмабаев атындағы Айыртау, Есіл аудандарының дене шынықтыру және спорт басқармасының, жергілікті атқарушы органдарының ақпараты талқыланды.
Филилал басшысы Жанат Мұхамеджанов жасөспірімдердің бұзақылық әрекетке баруына, отбасындағы жеткіліксіз тәрбиенің әсері екендігіне тоқталды. Осы мақсатта әр мектеп жанынан отбасы құндылықтарын дәріптеу, бала тәрбиесіне байланысты алқалы кеңестер құрылу қажеттігін ұсынды.