#Қызылорда
ҚЫЗ БАЛА - ҰЛТТЫҢ ҰЯТЫ, ХАЛЫҚТЫҢ ШЫРАЙЫ

«Сенімен Болашақ» РҚБ Қызылорда облыстық филиалы өңірдегі жасөспірім қыз балалармен кездесу өткізді. Аталмыш жиынға бірлестік психологы Сымбат Нұртазақызы спикер ретінде қатысты.

Өз кезегінде әріптесіміз қатысушыларға жас ерекшелік психологиясы және репродуктивті тәрбие, суицидтің алдын алу бойынша арнайы практикалық жаттығулар мен түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Сонымен қатар қатысушылармен кері байланыс жасалынып, қыз балалардың сұрақтарына жауаптар берілді.

12.11.2023
#Қызылорда
ҚЫЗ БАЛА - ҰЛТТЫҢ ҰЯТЫ, ХАЛЫҚТЫҢ ШЫРАЙЫ