#Павлодар
ҰЛ ӘКЕДЕН ҮЙРЕНБЕЙ, САПАР ШЕКПЕС

Павлодар ауданына қарасты  Жаңа қала ауылында «Қамқор әке - бақытты балалық шақ» деген тақырыпта әкелер форумы өтті. Іс-шараға аудандық білім бөлімінің  басшысы Зәуреш Жақсылыққызы, Аналар кеңесінің төрайымы Бақытжамал Максилова Шақанқызы да қатысты.

Ауыл халқымен сырласу, ұлттық құндылық, адамгершілік тәлім-тәрбие төңірегінде өткен  семинарда шақырылған қонақтар әкеге қарап ұлдың, шешеге қарап қыздың өсуімен сабақталып жатқан қазақы тәрбие  туралы ой-пікірлерін айтып, әке отбасының тірегі ғана емес бала үшін еліктеудің нағыз үлгісі екендігін жеткізді. «Ұл әкеден үйренбей сапар шекпес, қыз шешеден үйренбей, өнеге алмас» деген екен аталарымыздың сөзін басшылыққа алған филиал басшысы Хызыр Жанарыс қазіргі кездегі әкелердің бейнесі жайлы айтып өтіп, бала тәрбиесіндегі әкенің рөліне тоқталды.  Колтай Калелханұлы  басқарып отырған мектеп ұжымы ұйымдастырушыларға алғысын білдіріп, әр отбасы баласын тәрбиелей отырып қоғамды да тәрбиелейтінін жеткізді.

 

30.01.2023
#Павлодар
ҰЛ ӘКЕДЕН ҮЙРЕНБЕЙ, САПАР ШЕКПЕС