#Павлодар
МӘРТЕБЕЛІ МАМАНДЫҚ ИЕЛЕРІ

Ұстаздар мерекесіне орай «Сенімен Болашақ» РҚБ Павлодар облыстық филиалы салтанатты іс-шара өткізді.

Мерекелік шараны ұйымдастырған филиал басшысы Хызыр Жанарыс облыс ұстаздарын кәсіби мерекемен құттықтады.

«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деп Абай атамыз айтқандай, ұстаз еңбегінің қыр-сыры мол. Мәртебелі мамандық иелері атанған ұстаздарды мерекемен құттықтаймын!», - деді Хызыр Жанарыс.

Іс-шара барысында «Сенімен Болашақтың» миссиясының таралуына қолдау білдіріп жүрген бірлестік жанашырлары мен сарапшылары, білім мен тәрбие беруде белсенді ұстаздар алғыс хатпен марапатталды.

 

05.10.2023
#Павлодар
МӘРТЕБЕЛІ МАМАНДЫҚ ИЕЛЕРІ