#Қарағанды
ОЛИМПИАДАЛЫҚ РЕЗЕРВТЕГІ МЕКТЕП-ИНТЕРНАТЫНЫҢ ОҚУШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСУ

Талай спорт саңлақтарын қанаттандырған, небір майталмандарға алтын ұя болған Қарағандыдағы Әлия Молдағұлова атындағы облыстық-мамандандырылған олимпиадалық резервтегі мектеп-интернатының оқушыларымен кездесу өтті.

Кездесу өткізуге ұйытқы болған,   «Сенімен болашақ» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Қарағанды облыстық филиалы өкілдерін шақырған мектеп басшысы Ерден Балтабайұлы.

Құстың қос қанатындай, білім мен спортты да, тәрбиені де таразының басын тең ұстағандай алып жүру өскелең ұрпақ үшін маңызды екені анық. Осы мақсатта сарапшы, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Акалемиясы Қарағанды облыстық филиал басшысы Серікжан Байбосынов  жас спортшыларға қазіргі заманға сай тұлғалық даму бағыттарымен бөлісті. Әкелік тәжірибесінен мысал келтіріп, ер жігіттің бойындағы қалыптасу керек қасиеттерді атады. Филиал басшысы Индира Жанұзаққызы қоғамдағы жасөспірімдерге қатысты жайттарды талқылап, кей жерде басып айтты, кей жерде шабыттандырып айтты. Рухани адамгершілік құндылықтар адам бойында ұлттық иммунитет қалыптастыратыны және өз орныңды адаспай табу үшін де ізгі адам болу маңызды екені айтылды.

Жас спортшылар өз ойларын, алған әсерлерін жарыса жеткізіп жатты. 

Болашақ чемпиондармен өткен кездесу саналарына титтей ой салса, «Сенімен Болашақ» мақсатының кезегімен  жүзеге асқаны деп білеміз.

30.09.2023
#Қарағанды
ОЛИМПИАДАЛЫҚ РЕЗЕРВТЕГІ МЕКТЕП-ИНТЕРНАТЫНЫҢ ОҚУШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСУ