#Алматы
«ҰРПАҚТАР ҚАҚТЫҒЫСЫ» ЖАЙЛЫ ТРЕНИНГ ӨТТІ

Жылдар өтіп, буындар алмасқан сайын олардың мәселелер шиеленісіп келе жатқаны жасырын емес. Аға буын өкілдерінің кейінгі буынға көңілі толмауы қоғамда да, әр отбасында да бар. Осы мәселелерді талқылап, шешімін табу үшін «Сенімен Болашақ» РҚБ Алматы қалалық филиалы «Ұрпақтар қақтығысы» тарыбында семинар-тренинг өткізді. Жетісу ауданындағы №109 мектептің мәжіліс залына жиналған ата-аналар коуч-тренер, психотерапевт, БҰҰ ұлттық сарапшысы, «Әлем елшісі» атағының иегері, көпжылдық тәжірибесі бар білікті маман Сабитова Сағадат Ташболатқызының тақырыптық лекциясын тыңдады. Ал Жетісу ауданы білім бөлімінің басшысы Салтанат Амангелдіқызы арнайы қатысып, мұндай дәрістердің маңызы зор екенін айта кетті.

Түске дейін қазақ тілінде, түстен кейін орыс тілінде лекция оқыған Сағадат Ташболатқызы ата-ана мен бала арасында әр отбасында туындайтын қарама қайшылықтың транскрипциясын талдап, слайд арқылы жан-жақты түсіндірді. Дәріс кезінде тыңдаушылар тарапынан балаға билік етудің дұрыс, бұрыстығы, қазіргі жастардың әлеуметтік кеңістігі, «клиптік ойлау» жайлы сұрақтарын қойып, пікірлерін білдірді.

20.05.2022
#Алматы
«ҰРПАҚТАР ҚАҚТЫҒЫСЫ» ЖАЙЛЫ ТРЕНИНГ ӨТТІ