#Солтүстік Қазақстан
ҰСТАЗДАР МАРАПАТТАЛДЫ

Кәсіби мереке қарсаңында ұстаздар марапатталды. Бірлестіктің Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы «Ұстаз – ұлы есім» атты салтанатты жиын ұйымдастырды.

Білім мен тәрбие саласындағы белсенді еңбегі үшін марапаттауға арналған жиынға бірлестік филиалының өкілдері, Петропавл қаласының белсенді қоғамдық ұйымдары, облыс әкімінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның мүшелері, кәсіподақ орталығы,  «Ауыл» партиясының облыстық филиалының өкілдері қатысып, ұстаздарға құрмет көрсетті.

Мереке қарсанында Петропавл қаласының 30-дан аса мұғалімі грамоталармен, Алғыс хаттармен марапаттады.   

04.10.2023
#Солтүстік Қазақстан
ҰСТАЗДАР МАРАПАТТАЛДЫ