#Алматы
ҮШТІК ОДАҚ ҰТЫМДЫ БОЛСЫН!

Жаңа ғасырда ата-ананың дұрыс тәрбиесі  баланың болашақ ой-санасының қалыптасуына тікелей әсер етеді. Сондықтан отбасындағы баланың тәрбиесіне саналы түрде қарау керектігін насихаттап жүрген «Сенімен Болашақ» РҚБ Алматы филиалы  ата-аналармен жұмысын жүйелі жалғастыруда.  «Тәрбие тетігі – табысты үштік» тақырыбында М.Әуезов атындағы №128 мектепте  өткен кезекті семинар барысында  «Мектеп-ата-ана-оқушы» үштігі жайлы кеңінен талқыланды. Бірлестік жайлы мағлұмат пен әсерлі бейнероликтен  кейін  филиал психологы Қуаныш Қуатқызы баланың жеке басын бағалау жүйесі туралы адамгершілік қатынасқа негізделген қазақ  отбасының әдістеме-ұстанымдарымен бөлісті.  Және соларды бүгінгі заман талабына сай қалай пайдалану қажеттігін ашып көрсетті. Ата-аналар да өз тарапынан пікірлерін айтып, ұйым ұстанымын қолдайтынын жеткізді.  Іс-шара соңында мектеп басшысы Ж.Жұмаділқызы  еліміздің болашағы саналы ұрпақ екендігін айтып, сол жолда ауқымды жұмыс атқарып жатқан бірлестікті  қолдап, сәттілік тіледі.

09.01.2023
#Алматы
ҮШТІК ОДАҚ ҰТЫМДЫ БОЛСЫН!