#Қызылорда
ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ САНАЛЫ АТА-АНА МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДА ҚОЛДАУ БІЛДІРДІ

Қызылорда облысының Жаңақорған ауданы әкімдігінің сұранысы бойынша кенттегі Төтенше жағдайлар қызметінің мамандарына бала тәрбиесі, бала психологиясы тақырыптары бойынша кездесу өтті.

Кездесуде бірлестік психологы Сымбат Нұртазақызы жастар мен жасөспірімдер арасында кең тараған лудомания, ойынқұмарлық мәселелері туралы сөз қозғады. Тәуелділіктің түп тамыры анамен эмоционалды байланыста екенін айтып, жақындық немесе шектен тыс суықтықтың, созылмалы стресстің салдарынан пайда болатынын жеткізді.  Мысалы кейінгі кездерде балалар арасында орын алып жүрген созылмалы буллингтің салдары кейін қоғамда лудоман адамды қалыптастырады. Сондай-ақ орталықтың қызметі мен мекен-жайы туралы ақпараттар беріліп, кез келген адамға алғашқы сүйемелдеу бойынша көмек, қолдау көрсетілетінін жеткізді.

17.10.2023
#Қызылорда
ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ САНАЛЫ АТА-АНА МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДА ҚОЛДАУ БІЛДІРДІ