Қызылорда қаласының Титов мөлтек ауданындағы М.Ералиева атындағы мәдениет үйінде «Суицидтің алдын алу және болдырмау» такырыбында студенттермен кездесу өтті.
Кездесу барысында қатысушыларға саналы ата-ана мәдениетін қалыптастыру, ата-ана мен бала қарым-қатынасы, бала психологиясы, психологиялық-педагогикалық дағдылар, суицидтің алдын алу туралы маңызды ақпараттар берілді.
Суицидке әсер етуші биологиялық, психологиялық, әлеуметтік факторларға, суицид жасау әрекетіне итермелеуші факторларға, сонымен қатар, күшейткіш факторларға тоқталып өтті.
Өз сөзінде: «...Баланың дағдарыстағы және оның өз-өзіне қол жұмсағысы келетіні туралы ескертуші белгілерді танып-біле алатын кез келген тұлға «Суицид сақшысы» деп аталады. Ата-аналардың рөлі маңызды, себебі олар балалардың мінез-құлқын, іс-әрекетін, эмоцияларын бақылай алады. Олар стрессте жүрген немесе «қауіпті» аймақта жүрген оқушыларды бірінші танып білетін адамдар. Ата-аналар жасөспірімдерді қолдап немесе қажет болған жағдайда арнайы көмек алулары үшін басқа мамандарға бағыттай алады» - деді спикер.
Қатысушылар кездесуге белсенді қатысып отырды. Әр тәжірибе сайын өздерінің пікірлерін ортаға салып, балаларының бойында болып жатқан құбылыстар жайлы кеңестер сұрады. Әрбір қатысушы баламен қарым-қатынастың үлкен рөлге ие екенін, олармен әркез дұрыс байланыс орнату қажет екенін ұғынды.