#Қызылорда
БІРЛЕСТІКТІҢ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДАҒЫ САРАПШЫСЫ СПИКЕР БОЛДЫ
Сенімен Болашақ» Республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестігі Қызылорда облыстық филиалының сарапшысы Алтын Әбдіханқызы Шиелі ауданы, Ақмая ауылы, №49 орта мектебінде өткізілген «Бала тәрбиесі – басты мақсат» тақырыбындағы ата-аналар жиналысына спикер ретінде қатысты.
Жиналыста алдымен мектеп директоры Мухтар Тұрабаев кіріспе сөз сөйлеп, күн тәртібімен таныстырып өтті.
Өз кезегінде сөз алған бірлестік сарапшысы Алтын Әбдіханқызы «Сенімен Болашақ» қоғамдық бірлестігінің жұмысымен таныстырып, баланың тәрбиесі бәрімізге ортақ іс екенін атап, қоғамдағы күн тәртібінен түспей тұрған өзекті мәселеде немқұрайлылық танытпауға шақырды.
Жиын барысында ата-аналар өзіндік пікірлерін білдіріп, сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптарын алды.
02.11.2023
#Қызылорда
Поделиться