#Павлодар
БУЛЛИНГ ЖӘНЕ КИБЕРБУЛЛИНГТІҢ АЛДЫН АЛУ

Павлодар облысының Заря ауылындағы орта мектебінің ата-аналарына арналған семинар тренинг өтті. Тренинг барысында ата-аналарға буллингтің алдын алу, балаларды бірін-бірі кемсітпеуге тәрбиелеу туралы сөз қозғалды. Кибербуллингтің алдын алу мақсатында ата-аналар әрқашан балаларының әлеуметтік желісін бақылауда ұстау керек екендігі айтылды. Кибербуллингтен  қорғау және үнемі өз бақылауында ұстау керектігі түсіндірілді.

Мектепте буллинг орын алған жағдайда қандай амал-әрекет жасалу қажет? Буллингке ұшыраған балалармен қалай жұмыс жасау керек? деген сұрақтарға бірлестік басшысы Хызыр Жанарыс жауап беріп, мәселенің шешімін бірге табуды ұсынды.

29.09.2023
#Павлодар
БУЛЛИНГ ЖӘНЕ КИБЕРБУЛЛИНГТІҢ АЛДЫН АЛУ