#Алматы
КІТАПХАНА БІРЛЕСТІК ИДЕЯСЫН ҚОЛДАЙДЫ

"Сенімен Болашақ" РҚБ Алматы қалалық филиалы Жамбыл атындағы Алматы қаласының жасөспірімдер кітапханасына барып, бөлім меңгерушісі Шарайна Құмаровамен жүздесті. 

Кездесу мақсаты – кітапханамен ынтымақтастықта болып, саналы ата-ана мәдениетін қалыптастыруға бағытталған іс-шараларды бірге атқару. Өз кезегінде, Шарайна Файзуллақызы білім мен тәрбие деңгейін көтеруге, оның ішінде ата-ана мәдениетіне бағытталған ауқымды жобаның жүзеге асқанына қуанышты екендігін білдірді. Бүгінде баладан бұрын ата-аналарды тәрбиелеудің маңызды екендігін айтып, кітапхана басшысы атынан ынтымақтастық танытуға дайын екендігін жеткізді.

Айта кетелік, рухани орда 1976 жылы ақпарат, рухани тілдесу және жастардың демалыс орталығы ретінде құрылып, республикалық маңызы бар кітапхана мәртебесін алған. 1996 жылы кітапханаға ұлы ақын, жыршы Жамбыл Жабаевтың есімі берілген.

08.06.2022
#Алматы
КІТАПХАНА БІРЛЕСТІК ИДЕЯСЫН ҚОЛДАЙДЫ