Қызылорда облысының Болашақ университетінің жоғары колледжінің ұйымдастыруымен «Қыз бала – ұлтымның ұяты, елімнің ертеңі» тақырыбында қыздар форумын өткізді.
Форумда өңірдің ардагер ұстаздары мен ардақты әжелері, аяулы аналары мен түрлі саланың майталман сарапшы қыз-келіншектері спикер болды. Әуелде қыздың бұрымы мен қылығы, қазақ қызына тән болмысы, оның бойындағы жағымды әдептері жөнінде сөз қозғалды. Бүгінгі бұрымдыларымыздың болмысы мен болашағын жарқын етер қадамдары жөнінде салиқалы әңгіме өрбітіп, әжелеріміз өсиеті мен батасын берді.
Форумда филиалдың психолог маманы Жұмакүл Тасболатқызыда қонақ ретінде қатысып, қыз баланың тәрбиесі қайраттылықтан басталып, қамқорлықпен ұласатыны жөнінде және қауіпсіздік құралдарды жіті меңгеріп, қауіпсіз ортаны тани білуі болашағындағы қауіптерден құтқаратынын айта кетті.