«Сенімен болашақ» Республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестігінің Павлодар облыстық филиалы мен К.Макпалеев атындағы мектеп арасында ынтымақтастық меморандумына қол қойылды. Аталған құжат бірлестік пен мектеп арасындағы байланысты одан әрі нығайтуға бағытталған. Мектеп пен бірлестік филиалы арасында бұған дейін де жоспар құрылып, тұрақты семинарлар өтіп тұрған болатын. Бұл мектеп орыс мектебі болса да онда оқитын балалардың көбі қазақ отбасынан шыққан. Яғни ата-ана баласын орыс мектебіне беріп отыр. Міне, меморандум арқылы да филиал ұжымы осы мәселе төңірегінде де ой қозғамақ. Сондай-ақ, саналы ата-ана мәдениетін қалыптастыру бағытында қоғамда қатты тарап жатқан электронды түтін, жастар арасындағы қос жыныстыға еліктеу, рухани дағдарысқа ұшырау сияқты өте жаман кеселден ата-ана сақ болғаны дұрыс екендігі жолындағы тәлімді-тағылымды жобаларды бірлесе өтеді.