Ел ертеңі саналатын жастардың психологиялық саулығы бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі болып отыр. Күнделікті стресстік факторлар, интернетке тәуелді әлем, дұрыс тамақтанбаудың салдары жастардың психологиялық саулығына кері әсерін тигізіп жатыр. Жастарды болашақ ел тұтқасы, тіпті қала берді демографиялық дамуға үлес қосатын болашақ ата-ана деп санағандықтан, бұл мәселеге бей-жай қарамайтын бірлестіктің Алматы филиалы студенттермен оыс тақырыптағы кездесуді жиілетіп келеді. Күні кеше «Авимед» медицалық колледжінің І курс студенттерімен жүздесті. Болашақ стоматолог, акушер, мейірбике ісі мамандарына сараптама кеңесінің мүшесі, тәжірибелі нутрицолог маман Еркежан Садыкова дәріс оқыды. Көзге көріне бермейтін бірақ адамның мақсатына кері әсер ететін «психологиялық саулық» түсінігіне кеңінен тоқталды. «Психикалық саулық дегеніміз – адам бойында жағымды психологиялық күйдің болуы. Отбасындағы жанжал, жақын адамдардың сенімсіздігі, тұрмыстық жағдайлар, тəуекелге бел буу, ертеңгі күнге деген сенімнің болмауы жəне т.б. осындай ойлар адамның күнделікті өмір сүру жағдайын өзгертіп отырады. Психологиялық күйзеліске ұшыраған жағдайда уақыт оздырмай мəселені шешпесек, онда стресс созылмалы түрге - депрессияға ұласып кетуі мүмкін. Ал, бұл өз кезегінде психосоматикалық ауруларға, тіпті өзіне-өзі қол жұмсауға дейін апарады. Денсаулыққа нұқсан келу көп жағдайда адамның өзінің ішкі рухани конфликтісін мойындамаудан, өзін-өзі басқара алмауынан туындайды», - дей келе Еркежан ханым жастардың стреске тұрақты болу қабілетін дамыту үшін рухани бай болу керектігіне тоқталды. Күнделікті маңызсыз нәрселерден гөрі кітап оқу, әңгімелесу, сүйікті ісімен айналысу керектігін айтты. Мұқият тыңдаған жастар сұрақтарын қойып, қажетті кеңестерін алып тарқасты.