#Қостанай
ҚАЗІРГІ ЗАМАН БАЛАЛАРЫ

«Сенімен Болашақ» РҚБ Қостанай облыстық филиалы «Қазіргі заманғы бала» тақырыбында Ы. Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының қызметкерлеріне  арнап семинар өткізді.

Психолог Базаркуль Капарқызы бірлестік миссиясын, оның мақсаттары мен міндеттерін, кітапхана қызметкерлеріне семинар сағатында түсіндіріп өтті.

Қазіргі әлем ақпаратқа, компьютерлік технологияға толы, біз өмір сүруге асығамыз және балаларымыз бізден үйренеді. Өзіңізге қарау, рухани және эстетикалық ләззат алу құралдарының бірі – кітап оқу.     

Психологтардың пікірінше кітапқа деген сүйіспеншілікті тек 9 жасқа дейін сіңіруге болады. Кейінірек мұны істеу өте қиын, кейде мүмкін емес. Сондықтан оқырмандарды тәрбиелеудің негізгі міндеті ата-аналарға жүктеледі, олар бұл жұмысқа балалар кітапханаларының көмегіне сүйенуі керек. Өйткені, барлық ата-аналар балаларын сау, бақытты болуын армандайды.

16.06.2023
#Қостанай
ҚАЗІРГІ ЗАМАН БАЛАЛАРЫ