#Жамбыл
МЕРЕКЕ КҮНІ АРНАЙЫ ТҮЗЕТУ МЕКТЕБІНІҢ БАЛАЛАРЫ ДА НАЗАРДАН ТЫС ҚАЛМАДЫ

Балаларды қорғау күніне орай «Сенімен Болашақ» РҚБ Жамбыл облыстық филиалының ұйымдастыруымен Тараз қаласындағы облыстық арнайы түзету мектебінде мерекелік шара өтті.
Шара барысында Жамбыл облыстық филиалының басшысы Дәурен Орайұлы балаларды мерекелерімен құттықтап, сыйлықтар табыстады.
Балалар мерекелік концерт ұйымдастырып, өз өнерлерін көрсетті. Мерекелік шара соңында барлық қатысушылар бірігіп «Аспаннан күн сөнбесін» әнін орындады.
Мекеме басшысы бүлдіршіндерге жақсы көңіл-күй сыйлаған бірлестік ұжымына алғысын білдірді.

01.06.2022
#Жамбыл
МЕРЕКЕ КҮНІ АРНАЙЫ ТҮЗЕТУ МЕКТЕБІНІҢ БАЛАЛАРЫ ДА НАЗАРДАН ТЫС ҚАЛМАДЫ