«Сенімен Болашақ» РҚБ Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы 27-31 наурыз аралығында Петропавл қаласының №14,21,23,24 мектептерінде отбасындағы құндылықтарды арттыру мақсатында мектептерде ата-аналармен дөңгелек үстел өткізді.
Өңір тумасы Мағжан Жұмабаев «Бала тәрбиесі бір ѳнер, ѳнер болғанда ауыр ѳнер, жеке бір ғылым иесі болуды тілейтін ѳнер. Баланы дұрыс тәрбие қылу үшін әркімнің ѳз тәжірибесі жетпейді. Басқа адамдардың тәжірибесімен танысу керек» деген болатын, филиалы осындай ата-аналардың тәжірибе алмасатын алаңы. Алаш арыстарының ұлт жолындағы еңбектері мен мұраларын бүгінгі заманның талабымен ұштастыра отырып, қоғам тәрбиесіне, адамзаттың ізгіліне назар аудартуды мақсат етеді.
Жиналыс барысында сынып жетекшілері оқушылардың ата-аналарына деген сүйіспеншілігі, мейірімділігі туралы ой өрбітті, психолог мамандар табысты оқушыны мектеп, ата-ана және баланың қатысуымен ғана қалыптастыра алатындығымызды жеткізді.