#Қызылорда
ҰРПАҚ БОЛАШАҒЫ - ТӘРБИЕ МЕН БІЛІМДЕ

«Сенімен Болашақ» Республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестігі Қызылорда облыстық филиалының басшысы Шәкизат Қаратайұлы және бірлестік психологі Сымбат Абдрахманова Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық жоғары колледжінде өткен «Ұрпақ болашағы – тәрбие мен білімде» атты ата-аналар жиналысына спикер ретінде қатысты.

Ата-аналар жиналысына біздің өкілдерден бөлек қамқоршылық кеңес пен ата-аналар комитеттерінің мүшелері, құқық қорғау саласының қызметкерлері, білім беру саласының мамандары мен ұстаздары да қатысты.

Жиналыс барысында студенттердің тәртібі, ата-аналармен байланысты іс-шараларды нығайтатын кешенді жоспары туралы талқыланды.

Сонымен қатар «Сенімен Болашақ» Республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестігінің психологі Сымбат Абдрахманова қатысушыларға жас ерекшелік психологиясы, бала тәрбиесі жайлы шағын лекция өткізіп, бала тәрбиелеп отырған аналардың психоэмоционалды жануының алдын алу үшін арнайы практикалық жаттығулар жүргізді.

26.09.2023
#Қызылорда
ҰРПАҚ БОЛАШАҒЫ - ТӘРБИЕ МЕН БІЛІМДЕ