#Алматы
РУХАНИ ЗЕРДЕСІ НЫҚ ЕЛДІҢ БОЛАШАҒЫ ЖАРҚЫН

Ұлттық сананы жаңғырту, түлету, отбасы құндылығын арттыру, саналы ата-ана мәдениетін қалыптастыру бағытында қарқынды жұмыс істеп жатқан «Сенімен Болашақ»РҚБ Алматы облысына қарасты Талғар ауданында дөңгелек үстел ұйымдастырды. Аудандық кітапханада жиналған қатысушыларға бірлестіктің журналисі Меруерт Мәулетқызы жобаның мақсатын, ұстанымын, жоспарларын айтып, атқарылған іс-шаралармен таныстырды. Кездесуге қатысқан ауданның «Құрметті азаматтары», ардагер-журналистер, кітапханашылар ұлттың рухани дүниесін жаңғырту үшін басталған еселі жобаға сәттілік тіледі. «Рухани зердесі күшті қоғамда ел болашағы нық болады. Бүгінгі сыртқы күштердің ұлттың рухани дүниелеріне қызмет ететін көзқарастарды бұрмалауға, өзгертуге, бұзуға ұмтылып жатқан сәтте ерекше бастама көтерген бірлестіктің жұмысын ұлт жанашыры ретінде қолдаймын», - деген ақын, «Халық мұғалімі» атағының иегері Камнұр Тәлімұлының сөзін отырғандар бірауыздан қолдады. Кітапхана директоры Махамбет Хармысов, әдіскері Ризвангүл Токарзаева пікірлерін айтып, бірлесе жұмыс істеуге дайын екендіктерін білдірді.

23.06.2022
#Алматы
РУХАНИ ЗЕРДЕСІ НЫҚ ЕЛДІҢ БОЛАШАҒЫ ЖАРҚЫН