Қызылорда облысы полиция департаментінің шақыруымен «Сенімен Болашақ» РҚБ Қызылорда облыстық филиалының жанашыр белсенді әкелері қала аумағында кәмелетке толмағандардың ойын-сауық мекемелерінде, ойын клубтары мен түнгі клубтарда, саябақтарда кешкі және түнгі уақытта жүруін анықтауға бағытталған іс-шараға қатысты.
Әкелердің құзырлы орган қызметкерлерімен бірлесіп рейдке шығуы – әр отбасында ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыру керек екендігін жеткізу болып табылады.
Рейдтік іс-шаралардың мақсаты – түнгі уақытта жүрген кәмелет жасқа толмаған жасөспірімдерді анықтауға, тәртіптік теріс қылықтардың алдын-алуға бағытталды.
Іс-шара барысында түнгі уақытта кәмелет жасқа толмаған балалардың жүретіні анықталды. Тәртіп сақшылары түнгі мезгілде жүретін жеткіншектерді бақылауға алып, олармен жұмыс жүргізеді. Ата-анасы мен заңды өкілдерін шақырту арқылы қосымша профилактикалық түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Түнгі сағат 23:00-ден кейін заңды өкілінсіз көшеде және 22:00-ден ойын-сауық мекемелерінде жүрген кәмелетке толмағандардың ата-аналарына және мекеме иелеріне қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылды.