#Алматы
САНАЛЫ АТА-АНА – ҰЛТ БОЛАШАҒЫ

Уақыт бізден отбасы мен бала тәрбиесіндегі құндылықтарға жаңа қырынан қарауды талап етіп отыр. Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі мен жауапкершілігін арттыру маңызды болып отыр. Осы олқылықтың орнын толтыру мақсатында Бірлестіктің Алматы қалалық филиалы Қ.Қатықбаев атындағы №168 мектеппен бірлесе "Саналы ата-ана – ұлт болашағы" тақырыбында семинар-тренинг ұйымдастырды. Ұлттық құндылықтарды  заманның озық үлгілерімен ұштастыра отырып  тәрбие беру мақсатын ұстанған іс-шараға 150-ге жуық ата-ана қатысты. Мектеп директоры Манас Саяхатұлы жиынды ашып, осы уақытқа дейін филиал директоры қызметін атқарған Бақытбек Қалжанов бірлестік жайлы түсінік беріп, атқарылған іс-шараларды саралап, саналы ата-ана болуға бастайтын қадамдарды нақтылап берді. Тренинг спикері болған филиал басшысының м.у.а. Қуаныш Қуатқызы отбасы құндылықтарын нығайту мәселелері бойынша назарға алатын іс-әрекеттерді слайд арқылы көрсетті. Ата-ана баланың айнасы екенін,  балаларға тәрбие беруде өте зерек болу керектігін түсіндірді. Құрал және құндылық жайлы ұғымдарыға кеңінен тоқталып, психология ғылымындағы  экзистенция вакумы жайлы талдады. Жиы соңында уақыттың тығыздығына қарамастан атсалысқан ата-аналарға алғысын білдіріп, қолдау танытқан мектеп басшысына бірлесік аударған Ш.Амонашвилидің «Ізгілік педагогикасы» кітабын сыйға тартты. 

08.09.2022
#Алматы
САНАЛЫ АТА-АНА – ҰЛТ БОЛАШАҒЫ