#Қарағанды
ӨШПЕЙТІН РУХАНИ ҚАЗЫНА

Қарағандыда «КITAP FEST» фестивалі өтті. Әкімдіктің қолдауымен өткен ауқымды шараның басты мақсаты – оқырман мәдениетін дамытып, руханятқа үлес қосу,  оқырмандар үшін бірыңғай алаң құрып, балалар мен жастар арасында кітапқа деген қызығушылықты арттыру.

Бұл кітап мерекесіне «Сенімен Болашақ» республикалық қоғамдық бірлестігінің Қарағанды облыстық филиалы қатысып, бірлестіктің, оның ішінде құрылтайшы Нұркен Асановтың қолдауымен шыққан бірнеше кітапты ұсынды. Атап айтсақ, қайта өңделіп жарыққа шыққан Мәшһүр Жүсіптің «Бес томдық» шығармалар жинағы Міржақып Дулатовтың «Оян, қазақ», Мағжан Жұмабаевтың «Педагогика», Жүсіпбек Аймауытовтың «Психология», Ахмет Байтұрсынның «Ел бүгіншіл, менікі ертең үшін», Шалва Амонашвиллидің қазақ тіліне тәжірмаланған «Ізгілік педагогикасы», «Әлемдік психологиялық зерттеулер».

Орталық саябақта бірнеше сағатқа жалғасқан «Kitap FEST» фестивалінің бағдарламасында қатысушылар кітаптармен өзара алмасуға, ақын-жыршылардың шығармаларын тыңдауға, қолөнер бұйымдарының көрмесін тамашалап, ұнаған кітаптарды  сатып алуға немесе олармен толығымен тансыуға мүмкіндік алды.

Фестивальде басқа да Үкіметтік емес ұйымдар қатысып, тәжірибе алмасты. «Сенімен Болашақ» ұсынған кітаптар көпшіліктің қызығушылын арттырып, кітапқа құмар оқырмандар алғысын айтты. Филиал басшысы БАҚ-қа берген сұхбатында «бұл шараның өңір мен қала үшін берері мол, кітап арқылы адамзат баласы дүниетанымын кеңейтеді, қай заманда да кітап өлмейтін, өшпейтін рухани қазына», - деді.

06.10.2023
#Қарағанды
ӨШПЕЙТІН РУХАНИ ҚАЗЫНА