#Қызылорда
ЖАҢАҚОРҒАН ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ

Қызылорда облысының Жаңақорған ауданы әкімдігінің сұранысы бойынша кенттегі №3 мектеп-интернаты, №163, №125, №51, №286, №56 орта мектептерінің оқушыларымен бала тәрбиесі, бала психологиясы тақырыптары бойынша кездесулер өткізілді.

Кездесуде бірлестік психологі Сымбат Нұртазақызы қатысушыларға бірлестікті таныстыра отырып, орындалған нәтижелі жұмыстарға шолу жасап, миссия қоғамда саналы ата-ана мәдениетін қалыптастыру екенін айтып өтті.

Сонымен қатар жастар мен жасөспірімдер арасында тәуелділіктің химиялық емес түрі лудомания, ойынқұмарлық мәселелері жөнінде сөз қозғады. Тәуелділіктің түп тамыры анамен эмоционалды байланыста екенін айтып, жақындық немесе шектен тыс суықтықтың, созылмалы стресстің салдарынан пайда болатынын жеткізді.  Мысалы кейінгі кездерде балалар арасында орын алып жүрген созылмалы буллингтің салдары кейін қоғамда лудоман адамды қалыптастырады.

Бұдан кейін сала мамандары арнайы сөз сөйлеп, өңірде тәжірибелерінде кездесіп отырған мәселелері, атқарған жұмыстары  жөніндегі ақпараттармен бөлісті.

17.10.2023
#Қызылорда
ЖАҢАҚОРҒАН ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ