«Сенімен Болашақ» РҚБ Қызылорда облыстық филиалының ұйымдастыруымен «Ата-ана мен мектеп жұмысының тиімді жолдарын жетілдіру» атты 3 күндік семинар-тренинг өткізілді.
Оқытуға жалпы білім беру мекемелерінің директорлары мен олардың орынбасарлары қатысты. 18 академиялық сағаттық оқытудан өткен 17 қатысушы ата-аналармен жұмыс жасаудың тиімді жолдарын үйреніп, өздерінің жұмыс барысындағы тәжірибелерімен бөлісті. Қатысушылар 3 күн бойы 12 сессиядан тұратын оқытуға қатысты.
Оқыту барысында бірлестік туралы ақпараттар беріліп, атқарып жатқан жұмыстарымызға тоқталдық. Қатысушылардың басым бөлігі біздің атқарып жатқан жұмыстарымызбен таныс екендіктерін жеткізді.
Оқытуды бірлестіктің психолог маманы Сымбат Абдрахманова жүргізді.
Алдағы уақытта дәл осындай оқыту форматындағы оқыту жүйесі жалғасын табатын болады.
