#Қызылорда
ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ

«Сенімен Болашақ» Республикалық қоғамдық бірлестігі Қызылорда облыстық филиалының өкілдері Жұмакүл Тасболатқызы мен Нәбиден Маратұлы «Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбында ата-аналар жиналысына спикер ретінде қатысты.  

№212 мектеп-гимназиясында өткен жиынға 100-ден аса адам қатысты. Іс-шарада бірлестік өкілдерінен бөлек қамқоршылық кеңес және ата-аналар комитеттерінің мүшелері, құқық қорғау және білім беру саласының мамандары мен ұстаздары болды.

Жиналыс барысында оқушылардың тәртібі, ата-аналармен байланысты нығайтатын іс-шаралар туралы сөз қозғалды. Бірлестіктің миссиясы мен атқарған жұмыстары таныстырылды. Қатысушылар бірлестік жұмысына қызығушылық білдіріп, мүшелікке тіркелді.

Сонымен қатар бірлестік психологы Жұмакүл Тасболатқызы қатысушыларға жас ерекшелік психологиясы, бала тәрбиесі жайлы тренинг өткізіп, бала тәрбиелеп отырған аналардың психоэмоционалды жануының алдын алу мен түзету үшін және репродуктивті тәрбие бойынша арнайы практикалық жаттығулар мен түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

«Сенімен Болашақ» РҚБ баспасөз қызметі

27.09.2023
#Қызылорда
ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ