5 жұмыс формасы
«Сенімен Болашақ» өз миссиясын, жобаларын және қызметін 5 жұмыс қағидатын сақтай отырып жүзеге асырады.
«Сенімен Болашақ» республикалық қоғамдық бірлестігі өз қызметін, жобалары мен бастамаларын нақты мақсатқа, ортақ құндылықтарға және қоғам игілігіне негіздей отырып жүзеге асырады. Төмендегі қағидаттар біздің жұмысымыздың бағыт-бағдарын айқындап, барлық бастамаларымыздың негізін құрайды.
ОЙ АЙТУ ЕМЕС, ОЙ ОЯТУ
Ата-аналардың ақпараттық сауаттылығын арттыру, оларды өзін-өзі тануға, ой елегінен өткізуге және саналы шешім қабылдауға ынталандыру. Әр адамның өз өмірі мен отбасы алдындағы жауапкершілігін сезінуіне ықпал ету.
ӨЗІҢДІ ТАП, ӨЗЕГІҢЕ ОРАЛ
Қазақ халқының ұлы ойшылдары мен ағартушыларының рухани мұрасын насихаттау, олардың еңбектерін қайта басып шығару және кеңінен тарату арқылы ұлттық сана мен құндылықтарды дәріптеу.
АҚЫЛМЕН ОҚЫП, ЖҮРЕКПЕН ЖЕТКІЗ
Тренингтер, семинарлар, жеке және топтық консультациялар өткізу арқылы білім мен тәжірибені бөлісу, тұлғалық және отбасылық дамуға қолдау көрсету.
ТІЛМЕН ЕМЕС, ТІРЛІКПЕН ІС ҚЫЛ
Қоғамдағы өзекті мәселелерді зерттеп, олардың шешімін табуға бағытталған әлеуметтік жобалар мен бастамаларды жүзеге асыру. Ел мен өңірдің дамуына нақты істер арқылы үлес қосу.
ҚҰНДЫЛЫҚТЫ ҚАДІРЛЕ, ҚҰТЫҢ ТОЛСЫН
Ұлттық және рухани құндылықтарды дәріптеу, шығармашылық пен креативті индустрияның дамуына қолдау көрсету арқылы қоғамның мәдени және рухани өркендеуіне ықпал ету.