📞 +7 702 953 20 20 ✉ senimenbolashaq@gmail.com 📍 Астана қ., Қонаев көш., 2 ✈ Көмек алу
Ақылмен оқып, жүрекпен жеткіз
Тоқжұманова Камила Сағадатқызы
Тоқжұманова Камила Сағадатқызы
«Саналы ата-ана академиясы» ЖМ ректоры м.а.
Instagram

Ата-ана болу – тек баланы жақсы көрумен шектелмейді, ол сонымен қатар үздіксіз дамуды, қолдауды, білім арқылы өзін-өзі жетілдіруді қажет ететін жауапкершілігі мол жол. «Саналы ата-ана академиясы» ЖМ отбасы институтын нығайтуға және ата-аналардың тәрбиелік құзыреттілігін дамытуға бағытталған ағартушылық жобаларды жүзеге асырады. Академия отбасы тәрбиесі мен отбасылық әл-ауқат мәселелері бойынша керек кеңес пен кәсіби қолдау ұсынатын білікті психологтардан тұрады.

Қамқоршы бейсенбі

Барлық жазбалар →

Ата-аналық міндеттердің бар ауыртпалығын жалғыз көтеруден шаршадыңыз ба? «Қамқор бейсенбі» – ата-аналарға қолдау көрсететін, көкейдегі маңызды сұрақтарға жауап беретін және мамандардың тәжірибелік кеңестерін ұсынатын кездесулер алаңы. Бүгінгі күнге дейін өткізілген 70-тен астам кездесу Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі отбасыларға балаларымен қарым-қатынасты жақсартуға, күйзеліс деңгейін төмендетуге және үйдегі жылы әрі сенімді атмосфераны қалыптастыруға көмектесті.

Психологтың айыптауынан қорықсам, не істеу керек?

Психологтың айыптауынан қорқу — қалыпты жағдай. Өйткені біз ең алдымен оның мамандығын емес, адамды көреміз де: «Мені түсінбесе немесе айыптаса …

08.10.2026

Кейбір консультациялардан кейін неге жеңілдеп қалмай, керісінше, ауыр сезім пайда болады?

Кейбір консультациялардан кейін неге жеңілдеп қалмай, керісінше, ауыр сезім пайда болады? Кейде кездесуден соң шаршау, мұң, мазасыздық немесе көп сұрақ …

01.10.2026

Психологтың жанында өзіңізді жайлы сезінетініңізді қалай түсінуге болады?

Кейде адам психологты өзі таңдамай, ұйым ұсынған маманға жүгінеді. Оның сізге сай келетінін қалай түсінуге болады? Бірден сенім артып, бәрін …

24.09.2026

Отбасына психологиялық қолдау орталығы

Барлық жазбалар →

Ажырасу – отбасының әр мүшесі үшін, әсіресе балалар үшін қиын кезең. Отбасын психологиялық қолдау орталығы ата-аналарға осы кезеңнен барынша сабырлы әрі сынбай өтуге көмектеседі. Біз ажырасу процесіндегі отбасыларды татуластыруға және келісімге келуге бағыттайтын психологиялық кеңестер ұсынамыз. Мамандар ата-аналар арасындағы өзара түсіністікті нығайтуға, жанжалды төмендетуге және отбасының барлық мүшесінің мүддесін ескеретін оңтайлы шешімдерді табуға қолдау көрсетеді. Сонымен қатар, Орталық мамандары отбасының жағдайын және ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынастың ерекшеліктерін жан-жақты зерделеу мақсатында әлеуметтік-психологиялық зерттеулер жүргізеді. Бұл зерттеулер отбасындағы ахуалды объективті бағалауға және қажетті қолдау тәсілдерін анықтауға мүмкіндік береді. Біз әр отбасына ерекше ықыласпен және құрметпен қараймыз. Себебі, кез келген жанжалдың артында күрделі өмірлік жағдайы мен уайымы бар адам тағдыры тұрғанын жақсы түсінеміз. Орталық жұмысының басты ұстанымы – баланың психологиялық саулығын сақтау, оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету және дамуына қолайлы жағдай жасау.

Ажырасудан кейін баланың қауіпсіздік сезімін қалпына келтіру: оған не көмектеседі?

Ата-ананың ажырасуы баланың эмоционалдық жағдайы мен қауіпсіздік сезіміне айтарлықтай әсер етуі мүмкін. Өзгерістер кезеңінде тұрақтылық, қалыпты күн тәртібі, ересектердің назары …

07.10.2026

Баланың анасы немесе әкесінің өмірінде жаңа серіктестің пайда болуын қалай қабылдайды?

Ата-анасы ажырасқаннан кейін баланың өмірінде анасының немесе әкесінің жаңа серіктесі пайда болуы мүмкін. Ересек үшін бұл — жаңа қарым-қатынас, ал …

30.09.2026

Неліктен бала ата-анасының арасында дәнекер болмауы керек?

«Әкеңе айтшы…», «Анаңа жеткізші…», «Әкеңнен сұрашы…» — ажырасқаннан кейін ата-аналардың қарым-қатынасында мұндай сөздер жиі қолданылуы мүмкін. Алайда бала үнемі анасы …

23.09.2026

Академиялық сәрсенбі

Барлық жазбалар →

«Академиялық орта» – психологтар мен сарапшылардың қатысуымен апта сайын Instagram желісінде өтетін тікелей эфирлер алаңы. Мұнда әрбір ата-ананы толғандыратын маңызды тақырыптар қарапайым әрі түсінікті тілде талқыланады. Балалардың эмоциялық дамуы, жас ерекшелігіне байланысты дағдарыстар, отбасы ішіндегі қарым-қатынас, ұрыс-керіссіз тәрбие беру қағидалары және басқа да өзекті мәселелер бойынша пайдалы ақпарат ұсынылады. Әр эфирде тәжірибелік кеңестер беріліп, қатысушылардың сұрақтарына кәсіби әрі тұщымды жауаптар ұсынылады. Бүгінгі күнге дейін өткізілген 60-тан астам тікелей эфирден жүздеген ата-ана қажетті қолдау алып, жаңа білім игеруге және өз ата-аналық жолына деген сенімділікті арттыруға көмектесті.

Неліктен біз алғашқы мұғалімімізді жылдар өтсе де есте сақтаймыз?

Неліктен біз алғашқы мұғалімімізді жылдар өтсе де есте сақтаймыз? Өйткені ол тек оқуды, жазуды және санауды үйрететін адам емес. Ол …

07.10.2026

Бала неге басқалармен ата-анасына қарағанда өзін жақсырақ ұстайды?

Бала неге ата-анасына қарағанда басқалармен өзін жақсырақ ұстайды? Мектепте ол сабырлы әрі сыпайы болуы мүмкін, ал үйде дауласып, дөрекі сөйлейді. …

30.09.2026

Ата-аналар балалардың алдында әрқашан мықты болуы керек пе?

Ата-ана баласының алдында әрдайым мықты болуы міндетті емес. «Мен шаршадым, көңіл-күйім түсіп тұр, маған біраз демалу керек» деп айтуға болады. …

23.09.2026

Академия ұжымы

Толығырақ →
Тоқжұманова Камила Сағадатқызы

Тоқжұманова Камила Сағадатқызы

«Саналы ата-ана академиясы» ЖМ ректоры м.а.

Дүйсембекова Тоғжан Русланқызы

Дүйсембекова Тоғжан Русланқызы

Психолог

Сәтбаева Света Сәтбайқызы

Сәтбаева Света Сәтбайқызы

Психолог

Лященко Анна Юрьевна

Лященко Анна Юрьевна

Психолог