Отбасын психологиялық қолдау орталығы
Ажырасу – отбасының әр мүшесі үшін, әсіресе балалар үшін қиын кезең. Отбасын психологиялық қолдау орталығы ата-аналарға осы кезеңнен барынша сабырлы әрі сынбай өтуге көмектеседі. Біз ажырасу процесіндегі отбасыларды татуластыруға және келісімге келуге бағыттайтын психологиялық кеңестер ұсынамыз. Мамандар ата-аналар арасындағы өзара түсіністікті нығайтуға, жанжалды төмендетуге және отбасының барлық мүшесінің мүддесін ескеретін оңтайлы шешімдерді табуға қолдау көрсетеді. Сонымен қатар, Орталық мамандары отбасының жағдайын және ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынастың ерекшеліктерін жан-жақты зерделеу мақсатында әлеуметтік-психологиялық зерттеулер жүргізеді. Бұл зерттеулер отбасындағы ахуалды объективті бағалауға және қажетті қолдау тәсілдерін анықтауға мүмкіндік береді. Біз әр отбасына ерекше ықыласпен және құрметпен қараймыз. Себебі, кез келген жанжалдың артында күрделі өмірлік жағдайы мен уайымы бар адам тағдыры тұрғанын жақсы түсінеміз. Орталық жұмысының басты ұстанымы – баланың психологиялық саулығын сақтау, оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету және дамуына қолайлы жағдай жасау.