📞 +7 702 953 20 20 ✉ info@senimenbolashaq.kz 📍 Астана қ., Қонаев көш., 2 Көмек алу

Миссия

Біздің қызметіміздің және әрбір шешіміміздің негізінде не жатыр?

«Сенімен Болашақ» РҚБ-нің негізгі мақсаты — қоғамның болашақ ұрпақ тәрбиесіндегі ортақ жауапкершілігін күшейту, азаматтық сананы дамыту және Қазақстанда саналы ата-ана мәдениетін қалыптастыруға үлес қосу.

Біз саналы ата-ананы тұлға қалыптастырудың, құндылықтарды орнықтырудың және ел болашағын айқындайтын азаматтарды тәрбиелеудің маңызды қоғамдық институты ретінде қарастырамыз. Бұл бағыт ұлттық болмыс пен тарихи жадымызды сақтай отырып жүзеге асуы тиіс деп сенеміз.

Жауапты әрі саналы қоғамның негізі — ата-аналардың көзқарасы мен танымын жаңғырту, қоғамның психологиялық-педагогикалық білімін арттыру, сондай-ақ «Сенімен Болашақ» қауымдастығы аясында өзара қолдау мен серіктестікті нығайту.

Біз ата-аналар, педагогтер, психологтер, сарапшылар мен жанашыр азаматтар өзара әрекеттесіп, күш-жігерін біріктіретін орта қалыптастыруды мақсат етеміз. Осындай ынтымақтастық арқылы эмоционалды сау, саналы және жауапкершілігі жоғары ұрпақ тәрбиелеуге негіз болатын алаң құруды көздейміз.

«Сенімен Болашақ» республикалық қоғамдық бірлестігі — Құрылтайшының бастамасымен және авторлық идея негізінде 2021 жылғы 28 шілдеде құрылған коммерциялық емес қоғамдық ұйым.

Бірлестіктің Құрылтайшысы әрі идея авторы, қоғамда азаматтық сана мен жауапкершілік мәдениетін дамытуға бағытталған бастамалардың жетекші насихатшысы, қоғам қайраткері — Нұркен Жарылқапұлы Асанов. Бірлестік өз қызметін Құрылтайшының жеке қаражаты есебінен жүзеге асырады.

Доктриналық қағидаттар

Біздің ұмтылысымыз келесі қоғамдық қатынастар үлгісін қалыптастыруға бағытталған:

Саналы азамат = саналы қоғам.

Әр адам өз әрекеті мен қабылдаған шешімдері үшін жауапкершілік сезінгенде ғана өмірін саналы түрде қалыптастырып, ішкі үйлесім мен бақытқа қол жеткізе алады.

Ортақ жауапкершілік екі қағидаттан көрініс табады: «Балалар — ұлт болашағы» және «Баланың бөтені жоқ». Бұл әрбір баланың қауіпсіздігі мен әл-ауқатына бүкіл қоғам жауапты екенін білдіреді.

Баршаға тең мүмкіндік пен инклюзия — әлеуметтік теңдік пен қоғамдық бірлікті қамтамасыз ететін орта қалыптастыру.

Отбасы құндылықтарын сақтау. Отбасын құруға дайындық пен ажырасудан кейінгі ата-аналық жауапкершілік мәдениетін дамыту. Отбасы тарағанымен, ата-ананың бала алдындағы міндеті мен жауапкершілігі сақталады. Неке қатынастарының тоқтауы — тек ерлі-зайыптылық мәртебенің өзгеруі, бірақ ата-аналық жауапкершіліктің аяқталуы емес.

Әлеуметтік ата-ана (рухани әке, рухани ана). Бұл — ересектердің балалар мен жастарға өмірлік бағдар беретін тәлімгер болуы. Рухани әке мен рухани ана өз тәжірибесі мен жеке өнегесі арқылы жас ұрпақтың дұрыс таңдау жасауына, мақсат қоюына және болашағына сеніммен қарауына ықпал етеді. Тәлімгер тек ақыл айтушы емес, құндылықтарды қалыптастыратын өмірлік бағдаршы.

Бұл қағидаттар біздің болашаққа деген көзқарасымызды айқындайды: әрбір бала ата-ана мейірімі мен қамқорлығына бөленіп өсетін қоғам қалыптастыру.

Логотиптің мәні
5 белгі. 5 құндылық. Бір миссия.

Біздің логотиптегі әрбір белгі саналы ата-ана мәдениетін қалыптастыратын маңызды қағидаларды бейнелейді:

Әділдік
Туралық
Талапшылдық
Жандану
Әдепті өркениет

Біз дәл осы құндылықтардан отбасының, қоғамның және келер ұрпақтың үйлесімді дамуы басталады деп сенеміз.

```