📞 +7 702 953 20 20 ✉ info@senimenbolashaq.kz 📍 Астана қ., Қонаев көш., 2 Көмек алу

Манифест

Тектілер ту көтереді

Манифест – бұл біздің құндылықтарымыздың, ұстанымдарымыздың және азаматтық көзқарасымыздың көрінісі. Ол қоғамға, болашақ ұрпаққа және бүгіннен бастап өз мойнымызға алуға дайын жауапкершілікке деген саналы қарым-қатынасымызды білдіреді.

«Тектілер ту көтереді» – жай ғана ұран емес. Бұл – Қазақстанның болашағына бейжай қарамайтын, қоғамдағы мәселелерді сөз жүзінде ғана емес, іс жүзінде шешуге атсалысатын азаматтарды біріктіретін идея.

Біз саналы азамат – сапалы қоғамның негізі деп білеміз. Ал мұндай қоғам ортақ мақсатқа жұмылған бірлік пен нақты әрекет арқылы қалыптасады.

Біз өзгерісті өзінен бастайтын адамдарға сенеміз

Қоғамдық ұйымдар мен белсенді азаматтар көп жағдайда көзге көріне бермейтін мәселелерді дер кезінде байқап, олардың тиімді әрі заманауи шешімдерін ұсына алады. Нақты өзгерістердің бастауы – азаматтық бастама мен жауапкершілік.

Біз белсенділікті қолдаймыз

Шынайы өзгеріс адамдар шетте қалмай, қоғамдық мәселелерді шешуге атсалысқан кезде жүзеге асады. Азаматтардың белсенділігі артқан сайын қоғам нығайып, қолға алынған бастамалардың нәтижесі де тұрақты болады.

Біз ортақ мақсат жолында бірігеміз

Тиімді шешімдер өзара ынтымақтастық арқылы қалыптасады. Мемлекет, бизнес, сарапшылар, ата-аналар, педагогтер, үкіметтік емес ұйымдар мен азаматтар күш біріктіргенде ғана ұзақ мерзімді әрі жүйелі нәтижелерге қол жеткізуге болады.

Біз жергілікті ерекшеліктерді ескереміз

Әр өңірдің, әр қауымдастықтың өзіндік ерекшелігі бар. Бір жерде тиімді болған тәсіл басқа ортада нәтиже бермеуі мүмкін. Сондықтан біз адамдардың, өңірлердің және жергілікті қауымдастықтардың қажеттіліктерін ескеретін икемді шешімдерді қолдаймыз.

Біз жаңа әлеуметтік бастамалардың қозғаушы күші болуға ұмтыламыз

Уақыт талабына сай тың бастамаларды жүзеге асырып, қоғамдағы өзекті мәселелердің шешімін табуға атсалысамыз. Біздің мақсатымыз – саналы, жауапты және бір-біріне жанашыр қоғам қалыптастыру.

Адам – біздің басты құндылығымыз

Біздің жұмысымыздың өзегінде адам тағдыры мен отбасы бақыты тұр. Әрбір бастама мен жоба адамның өмірін жақсартуға, оның өзіне деген сенімін арттыруға және қоғамда өз орнын табуына ықпал етуі тиіс. Өйткені қоғамның дамуы әр адамның әл-ауқатынан басталады.

Біз сөзден бұрын іске мән береміз

Жақсы сөзден гөрі нақты іс әсерлі. Сондықтан біз қоғамдағы оң өзгерістерді тек насихаттап қана қоймай, оны өз ісімізбен көрсетуге ұмтыламыз. Әрбір игі бастама мен жақсы үлгі өзгелерге жігер беріп, үлкен өзгерістерге жол ашады деп сенеміз.

Біздің ұстанымымыз

```
Жанашырлық орнына селсоқтықтың
Жауапкершілік орнына жауапсыздықтың
Жасампаздық орнына немқұрайлылықтың
```

Өйткені қоғамның болашағы әрқайсымыздан басталады.