«Сенімен Болашақ» бірлестігінің әрбір өнімі келер ұрпақтың кемел келешегіне деген жанашырлық пен жауапкершіліктің жемісі. Мұнда тұлғалық дамуға жол ашатын, отбасы құндылықтарын дәріптейтін және ұлттық мәдени мұраны ұрпақтан ұрпаққа жеткізуге қызмет ететін кітаптар, оқу-әдістемелік материалдар мен пайдалы өнімдер жинақталған.
Біздің өнімдер
«Сенімен Болашақ» РҚБ өнімдері
Senimen Оқу
Міржақып Дулатұлы, «Оян, қазақ» («Асыл мұра» тағылымдық кітаптар сериясымен шыққан)
Кітапқа ақынның ХХ ғасырдың басында араб әліппесімен жарық көрген өлеңдері бүгінгі емлеге түсіріліп беріліп отыр. 1909 жылы, 1914 жылы шыққан кітаптарда араб, парсы сөздері көптеп кездеседі. Ал бұл жинақта ол сөздер қазіргі әліпбиге аударылып берілген.
✈ Тапсырыс беру
Жүсіпбек Аймауытов «Тәрбиеге жетекші»
Бұл кітапта оқу-тәрбие ісін тиімді жүргізудің теориялық негіздері мен практикасын ұлттық болмысымызға сай тәптіштей түсіндірілген. Және ұлт мүддесіне қызмет ететін әрбір педагог арқа сүйеуі керек құрал.
✈ Тапсырыс беру
Жүсіпбек Аймауытов «Психология»
Бұл кітап – адам жанының терең қыр-сырын ашатын ғылымды ана тілімізде паш ететін бірден-бір төл туындды. Қаншама жыл зерттеліп келе жатқан адамның жан әлеміне ұлттық дүниетаным терезесінен қарауга болады.
✈ Тапсырыс беру
«PSYCHOLOGY» Әлемдік үздік зерттеулер жинағы
Қазақ тіліне тұңғыш аударылған жинақ. Мұнда Адлер, Франкл, Болтон, Милгрэм, Пиаже сынды бірқатар әйгілі ғалымдардың бала тәрбиесіне қатысты ең таңдамалы психологиялық зерттеулері іріктеліп берілген.
✈ Тапсырыс беру
Ахмет Байтұрсынұлы, «Ел бүгіншіл, менікі ертеңгі үшін» («Асыл мұра» тағылымдық кітаптар сериясымен шыққан)
Бұл кітапқа ұлт ұстазының адамдық, рухани тәрбие негіздерін қамтитын ғибраттық өлеңдері, оқу-тәрбие негіздері туралы мақалалары қамтылған
✈ Тапсырыс беру
Серік Негимов «Абай ғибратнамасы»
Бұл кітап Толық адам тұлғасын қалыптастыруда Абайдың қағидаларын, яғни ғибратнамалары – рухани өрлеудің, бүтіндей жаңарудың, өркениет әлеміне жетудің кілті бола алады. Абайдың 6 қағидаты ашылып, жан-жақты талдаумен жазылған. Тұлғаны қалыптастыруда 4 бөлімге бөліп, баланың болмысын жан-жақты сұрыптап, адам бойына қалыптасатын құндылықтар мен наным-сенімдерді тәпсірлеп, түсіндіріп береді.
✈ Тапсырыс беру
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының бес томдық жинағы (таңдамалы)
Жинақты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитетіне қарасты М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының ғалымдары зерттеп, толықтырғаню
Кітап ғалымның 165 жылдығына арналып шығарылған. Жинақта парсы, араб, шағатай тілдеріндегі мәліметтердің академиялық аудармасы көрсетілген. Бірінші кітапта өмірбаяны, білім алуы, ағартушылықпен айналысқаны, Мәшһүр атанғаны айтылады. Екінші кітапта ақынның философиялық ой-толғаныстары, адами құндылықтарды зерттеп, зерделеп, ой түйген насихаттық негіздегі баяндалады.
3,4 кітаптарда ақынның діни философиялық ойлары айтылады. Дін мен дәстүрді, тұрмыстық тіршілікті ұштастыра отырып, рухани ілімдер жөнінде жазылған.
Бесіші кітапта дастандары, аңыз хикаялары, айтыстар мен арнаулар және жоқтау өлеңдері топтастырылған.
Мағжан Жұмабаев «Педагогика»
Алаш арысы, түркі әлеміне аты танымал ақын Мағжанның кітабы – ұрпағына саналы тәрбие берем деген әрбір ата-анаға қажет құрал.
✈ Тапсырыс беру
Шалва Амонашвили «Ізгілік педагогикасы»
Ізгілік педагогикасының (гуманная педагогика) атасы саналатын белгілі педагогтың авторитарлы педагогикада кездесетін астыртын кедергілерді көрсетіп, адамгершілік, ізгілік педагогикасына жол ашатын құралы.
✈ Тапсырыс беруSenimen Game - Senimen Quiz
Senimen Game
Отбасылық сенімді нығайтуға, эмоционалдық жақындықты арттыруға және ата-ана мен бала арасындағы ашық қарым-қатынасты дамытуға арналған психологиялық ойын.
Ойын барысында қатысушылар бір-бірін жақсырақ түсінуді, өз сезімдерімен бөлісуді, бірге сапалы уақыт өткізуді және отбасы ішінде жылы атмосфера қалыптастыруды үйренеді.
Ойынға ойын алаңы, тақырыптық карточкалар, арнайы тапсырмалар мен қарым-қатынас, эмпатия және отбасылық өзара әрекеттестікті дамытуға бағытталған практикалар кіреді.
Senimen Quiz
Senimen Quiz – ата-ана мен бала арасындағы өзара түсіністік пен жақындықты нығайтатын танымдық-ойындық викторина. Қызықты әрі тартымды форматта ұйымдастырылған бұл зияткерлік сайыс қатысушыларды бірге ойлануға, пікір алмасуға және өзара қолдау көрсетуге жетелейді. Сұрақтарға жауап беру барысында отбасы мүшелері бір-бірін тереңірек танып, ортақ құндылықтарды үйренеді.
✈ Тапсырыс беруSenimen мыслеформы
Худи «Senimen Bolashaq»
«Senimen Bolashaq» фирмалық символикасы бар стильді әрі жайлы худи салқын ауа райында күнделікті киюге қолайлы. Сапалы материалдары мен ыңғайлы пішімі киімнің күні бойы еркін әрі жайлы болуын қамтамасыз етеді.
Ерекшеліктері:
«Senimen Bolashaq» фирмалық дизайны.
Теріге жағымды жұмсақ мата.
Реттелетін бауы бар капюшон.
Кең «кенгуру» қалтасы.
Еркін пішім – барынша жайлылық үшін.
Оқу, жұмыс, серуен және белсенді демалысқа сай.
Жуылғаннан кейін де пішінін және сапасын сақтайды.
«Senimen Bolashaq» худиі – практикалық пен заманауи стильдің үйлесімі, сондай-ақ пікірлес ортаға тиесілі екеніңізді білдіретін киім.
Кружка «Senimen Bolashaq»
«Senimen Bolashaq» логотипі бейнеленген стильді брендтік кружка үйде, кеңседе және оқу орнында пайдалануға ыңғайлы. Сапалы керамикадан жасалған бұл кружка сусынның жылуын ұзақ сақтап, күнделікті қолдануға қолайлы.
Ерекшеліктері:
«Senimen Bolashaq» фирмалық белгісі бар өзіндік дизайн.
Берік, сапалы керамика.
Ыстық та, суық та сусындарға жарайды.
Ыңғайлы тұтқа, қолайлы көлем.
Жобаға қатысушыларға, серіктестерге және қолдаушыларға лайық сыйлық.
«Senimen Bolashaq» кружкасы – күнделікті тұрмыста қолданылатын ыдыс қана емес, сонымен бірге құндықтарыңыз пікірлес ортаға жанашырлығыңызды танытатын бұйым.
Футболка «Senimen Bolashaq»
«Senimen Bolashaq» фирмалық дизайны бар стильді әрі ыңғайлы футболка күнделікті гардеробқа жақсы үйлеседі. Сапалы матадан тігілген, киюге қолайлы және ұзақ уақыт пайдалануға жарамды.
Ерекшеліктері:
«Senimen Bolashaq» фирмалық принті.
Теріге жағымды, жұмсақ мата.
Ыңғайлы отыратын әмбебап пішім.
Күнделікті киюге, іс-шараларға және белсенді демалысқа қолайлы.
Жуғаннан кейін де пішінін және принтінің түсін сақтайды.
«Senimen Bolashaq» футболкасы – жайлы киімнен бөлек, сонымен қатар қауымдастық құндылықтары мен идеяларын қолдайтыныңызды білдіретін бұйым.
Свитшот «Senimen Bolashaq»
«Senimen Bolashaq» фирмалық белгісі бар ыңғайлы әрі сәнді свитшот кез келген маусымда күнделікті киюге лайық. Заманауи үлгісі мен сапалы матасы жайлылық пен ұзақ қолдануға қолайлылықты қамтамасыз етеді.
Ерекшеліктері:
«Senimen Bolashaq» фирмалық дизайны.
Теріге жағымды жұмсақ мата.
Еркін, ыңғайлы пішім.
Ыңғайлы отыруды қамтамасыз ететін серпімді манжеттер мен етек.
Оқу, жұмыс, серуен және іс-шараларға жарамды.
Тозуға төзімді, жуғаннан кейін де бастапқы қалпын сақтайды.
«Senimen Bolashaq» свитшоты – жайлылық пен стильдің үйлесімі, сондай-ақ дамуға, алға ұмтылуға үндейтін қауымдастықпен байланысыңызды білдіретін киім.