📞 +7 702 953 20 20 ✉ info@senimenbolashaq.kz 📍 Астана қ., Қонаев көш., 2 Көмек алу
← «Қалай көмектесеміз» барлық бөлімдер

Member Guide

Қауымдастық сіздің отбасыңыз үшін қалай тірек пен ресурс бола алатынын біліңіз

Құрметті ата-ана!

«Сенімен Болашақ» қауымдастығына қош келдіңіз! Біз күш-жігерімізді біріктіре отырып, эмоционалдық тұрғыдан сау, саналы және жауапты азаматтық қоғамды қалыптастырудың негізін бірге қалаймыз.

Біз қандай бағыттарда қолдау көрсетеміз?

Өзіңізді және балаңызды түсіну

  • саналы ата-ана болуға арналған тренингтер мен консультациялар
  • балаларды тәрбиелеу және олармен сенімді қарым-қатынас орнату бойынша семинарлар
  • эмоционалдық тұрақтылықты дамытуға арналған тәжірибелер
  • ата-ана мен бала арасындағы салауатты, қолдаушы қарым-қатынасты қалыптастыру

Психологиялық көмек: сіз қиындықтармен бір өзіңіз жалғыз қалмайсыз

  • психологтардың консультациялары
  • күрделі отбасылық жағдайларда психологиялық сүйемелдеу
  • стресс, дағдарыс және эмоционалдық күйзеліс кезінде қолдау

Күрделі өмірлік жағдайларда қолдау көрсету

  • ажырасудан кейінгі қарым-қатынастарды психологиялық сүйемелдеу
  • сот процестеріне қатысу (отбасымен жұмыс шеңберінде)
  • гаджеттерге тәуелділік және цифрлық аутизм мәселелері
  • ата-ана мен бала арасындағы жанжалдар
  • буллинг
  • баланың кәсіби бағдарлануы және тұлғалық дамуы
  • репродуктивтік тәрбие
  • суицидке бейімділіктің алдын алу
  • отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу
  • некеге тұрар алдындағы консультациялар

Біздің мақсатымыз – әрбір отбасында және әр бала үшін тұлғаны қалыптастыруға мүмкіндік беретін, қуатты қоғам құруға қабілетті ұрпақ өсіретін салауатты ортаны қалыптастыру!

Саналы және жауапты қоғам – елдің әл-ауқатының кепілі әрі мықты мемлекеттің негізі.

Біздің қауымдастықта болашаққа бейжай қарамайтын 150 000-нан астам ата-ана бар!