Ой айту емес, ой ояту!
Асанов Нұркен Жарылқапұлы
«Сенімен Болашақ» РҚБ Құрылтайшысы және идея авторы, Қоғам қайраткері, Қазақстанның Азаматтық Альянс Вице-президенті
Қазаққа қызмет - мәртебе!
Қадырменді қауым, құрметті достар!
Адам қоғамда тіршілік жасау үшін өмірге келеді.
Қоғамда әркімнің әртүрлі өзіндік орны болады. Қоғам қалыпты болуы үшін әр кісіде махаббат пен мейірімділік деген қағида болуы шарт екен. Кейбір кісілер қаржы, атақ, билік, мансап, дүние деген қағидаларға басымдық беріп, махаббат пен мейірімділік қағидаларын мойындамауы да мүмкін.
Бірақ, сол басымдық берген қағидаларының өзіне де махаббат пен мейірімділіктің қажеттілігі туындап тұрары анық.
Қоғамдағы әр адамдағы махаббат пен мейірімділік қағидасын зат күйінде, я болмаса метафоралық көзқараспен қарасақ, ол бір жарықтың сәулесі секілді немесе күннің жер бедеріне түсірген нұры секілді дүние.
Сондықтан қоғамға әр кісінің өз сәулесін шашып жүруге қақысы бар. Бұл сәулеге қарсы тұратын күш те жоқ.
Әлсін-әлсін қатыгездік, ақы жегіштік, т.б. келеңсіз адамсыздық факторлары көлеңкелеп, кедергі келтіруге әрекет жасағанымен, махаббат пен мейірімділік деген сәуленің, нұрдың асықпай өз саңылауын тауып, өз міндетін атқарып, қоғамды түзеуге жұмыс жасай беретіні ақиқат.
Сондықтан қазақ қоғамындағы әрбір азамат өзіміздегі сәуле-нұрымызды қандай кедергілер болса да, Қазақстан деген тәуелсіз, тұғырлы мемлекетіміздің қоғамына бере беруіміз қажет және шарт деп білемін.
«Сенімен Болашақ» қоғамдық бірлестігінің басты принциптері мен қағидалары - Қазақстан қоғамының әр азаматының махаббат пен мейірім атты сәуле-нұрымен қазақ қоғамын, ұлттық құндылықтарды, адами құндылықтарды, әділеттілікті, т.б. оңды қағидаларды әлемнің падишасы әрі адамгершіліктің қайнар көзі етіп көрсету.
«Дұрыс қоғам - дұрыс мемлекет» ұранын үрдіске алып, сол миссия мен мақсат жолында жұмыс жасау.
Әлем цифрлық, яғни технологиялық жетістіктердің үлкен шыңында шарықтау сәтінде екені белгілі.
Біз де «Сенімен Болашақ» РҚБ ретінде қарап қалмай, қоғамға қазанымызда қайнаған ақпараттарды шынайы түрде өз сайтымыздан ұсыналық деген ниетпен ұсынып отырмыз.
Игілікті іс, таза ой адамды қоғам қатарының белсендісі етеді. Әр адам өз сәулесін шашқанда ғана қоғам жарық, мемлекет қуатты, болашақ баянды болады.
Сізді де осы миссияның бір белсендісі болуға шақырамын.
Құрметпен, Нұркен Асанов.