«Отбасы – қоғамның алтын қазығы»
📅 14.09.2025
Жыл сайын қыркүйек айының екінші жексенбісінде атап өтілетін Отбасы күніне орай Бірлестіктің филиалдары мерекелік іс-шаралар ұйымдастырды.
Кездесулерге қатысушылар әртүрлі форматтағы алаңдарда отбасының қоғамдағы рөлі, ата-аналардың жауапкершілігі және жас ұрпақ тәрбиесі туралы өз ойларымен бөлісті.
Айта кету керек, өткізілген барлық іс-шаралар адамдарды жақындастыруға, өзара түсіністікті нығайтуға және ортақ құндылықтарды дәріптеуге бағытталды.