Қарағанды қаласында «Эмоциялық тұрақтылық – ішкі тепе-теңдікті сақтай білу қабілеті» атты тренинг өтеді
«Сенімен Болашақ» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Қарағанды облыстық филиалы «Азамат» жобасы аясында Қарағанды қаласының Авиабазасында «Сенім» психологиялық қолдау көрсету орталығының жетекшісі, психотерапевт, бірлестіктің сарапшысы Гүлмира Сайдынқызы Отыншинаның қатысуымен «Эмоциялық тұрақтылық – ішкі тепе-теңдікті сақтай білу қабілеті» атты тренинг өткізеді.
Іс-шара барысында қатысушылар эмоционалдық тұрақтылықтың күнделікті өмірдегі және кәсіби қызметтегі рөлін талқылап, эмоцияларды тиімді басқару, күйзелісті еңсеру және психологиялық саулықты сақтаудың заманауи тәсілдерімен танысады.
Тренингтің негізгі мақсаты – өзін-өзі реттеу дағдыларын дамыту, күйзеліске төзімділікті арттыру және адамның ішкі ресурсын нығайту. Бағдарлама аясында қатысушылар өздерінің эмоционалдық жағдайын басқаруға арналған тиімді әдістерді меңгеруге мүмкіндік алады.