Алаш арыстары және азаматтық ұстаным
18.06.2026
Алматы ОКЖ жүйесіне қарасты №39 балалар кітапханасында саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай тарихи сағат өтті.
Іс-шараға «Сенімен Болашақ» РҚБ Алматы филиалының директоры Меруерт Мәулетқызы, «Qyr balasy» қоғамдық қорының мүшесі, жас зерттеуші Мансұр Сәдір, сондай-ақ ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің «Батыр» президенттік полкінің әскери қызметшілері мен сарбаздары қатысты.
Кездесу барысында Алаш қайраткерлерінің ел тәуелсіздігі мен ұлт болашағы жолындағы қызметі туралы айтылып, олардың азаматтық жауапкершілігі мен ұстанымдары жастарға үлгі ретінде насихатталды. Меруерт Мәулетқызы алаш арыстарының халық мүддесін жеке бастан жоғары қойған тарихи тұлғалар екенін атап өтті.
Жас зерттеуші Мансұр Сәдір Алаш қозғалысының көрнекті өкілі, публицист және әдебиет сыншысы Ыдырыс Мұстамбайұлының өмірі мен еңбектері туралы баяндама жасап, оның ұлттық мұраны қорғаудағы рөліне тоқталды.
Іс-шара соңында қатысушылар пікір алмасып, саяси қуғын-сүргін құрбандарының ерлігі мен тағылымды өмір жолын ұлықтаудың маңызын атап өтті.
← Барлық жаңалықтар