Мереке күні бірлестіктің Маңғыстау облыстық филиалының басшысы Меруерт Құлмұратқызы ардагер ұстаздарға құрмет көрсетті. Тағылымды еңбек жолының иесі, КСРО оқу-ағарту ісінің үздігі 96 жастағы Салиха Ыдырысова мен білім саласының ардагері, бірлестік сарапшысы Құлжан Егізқараевтың үйіне барып, ілтипатын білдірді. Кәсіби мерекесімен  құттықтап, сый-сияпатын ұсынды.